Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
02.05.2025 15:02
0
117
Фото: freepik.com

Қазгидромет синоптиктері 3, 4 және 5 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Мамандардың айтуынша, мамырдың басында еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай, жаңбыр, желдің күшеюі, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

"Республиканың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жауады. Батыста және оңтүстікте құмды дауыл соғады. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман түседі", – делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің соңғы айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий