Депутаттар «Президент туралы» заңға өзгерістер енгізбек
Мәжіліс конституциялық заң жобаларын қарауға кірісті. Олардың қатарында «Президент туралы» заң бар, деп хабарлайды Politico.kz.
Заң жобасы заң шығару бастамасы тәртібімен президенттің арнайы Жолдауы арқылы мәжіліс қарауына енгізілген.
«Заң жобасы Қазақстан Республикасының Президенті мен Вице-президентінің құқықтық мәртебесін айқындайды. Құжат 8 тарау және 43 баптан тұрады», – деді депутат Снежанна Имашева.
Оның айтуынша, Президент туралы заң жобасы республикалық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес әзірленген. Конституциялық заң жобасын Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында қарау үшін, әр палата арнайы комиссияға өз өкілдерін сайлауы қажет.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...