Дикий Арманның анасы дүниеден озды
8 тамыз күні 2022 жылғы қаңтар оқиғаларында Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін сотталған Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) анасы дүниеден өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.
Бұл туралы оның жақын досы Нұржан Иманалиев Instagram парақшасында жазды.
«Құрметті досымыз Арманның асыл анасы, тәте Роза өмірден өтті. Жалғыз ұлын ұзақ жылдарға соттаған ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ ол анасынан теріс айналған жоқ», – деп жазды ол.
Нұржан Иманалиевтің айтуынша, Арман Жұмагелдиевтің анасы қайтыс болар алдында Қостанайдағы ұлын барып көрген. Осы кездесуден кейін жүрегі сыр беріп, ауруханаға түсіп, сонда жан тапсырған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды
24.10.2026
10:20
Астанада ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ...