Димаш Құдайберген тыңдармандары арасында челлендж жариялады

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа "Тау ішінде" бейнебаянының премьерасы туралы сүйінші жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Достар! 15 мамырда сағат 20:00-де (Астана уақыты бойынша) YouTube желісінде "Тау ішінде" бейнебаяны жарық көреді! Премьера құрметіне – челлендж: бейнебаянмен байланысты ең көп қаралған және қызықты видеоға қомақты сыйлық беріледі!" – деп жазды әнші.
Димаштың айтуынша, челленджге қатысу үшін 30 секундтық видеоны TikTok немесе Instagram желісінде #tauishindechallenge хэштегімен 8-25 мамыр аралығында жариялау қажет.
Челлендж жеңімпазы 26 мамырда Алматыда өтетін фан-кездесу барысында жария етіледі.
"Жүлде – жеңімпазға өз қалауынша менің жеке концертіме жолдама сыйға тартылады (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшақ билеті мен қонақ үй құны ұтыс ішіне кіреді", – деп атап өтті өнерпаз.
Соңғы жаңалықтар





