Диплом мен аттестатты цифрлау енді онлайн
Білім құжаттарын eGov арқылы цифрлау: қадамдық нұсқаулық
Колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын енді eGov.kz порталы арқылы цифрлауға болады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәліметінше, бұл функция білім туралы құжаттардағы деректерді түзету қызметін кеңейту аясында қосылған. Бұрын бұл қызмет тек қате деректерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді құжатты цифрлау үшін өтініш беруге болады.
Құжатты цифрлау үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Азаматтарға" бөліміне кіріңіз, "Білім" бөлімін таңдаңыз.
- "Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" қызметін таңдап, "Онлайн қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.
- Өтініш түрін "Білім туралы құжаттар мәліметтерін цифрлау" деп таңдап, құжат түрін көрсетіп, сканерленген көшірмесін тіркеңіз.
- Қызмет нәтижесін "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінен көре аласыз.
Қазіргі уақытта тек 1980 жылдан 2023 жылға дейінгі орта, техникалық және кәсіби білім туралы құжаттарды цифрлауға болады. Қызмет көрсету мерзімі – бес жұмыс күні.
"Ұсынылған құжаттар немесе деректердің дұрыс еместігі анықталса, қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін", – деп ескертті НИТ өкілдері.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...
09.11.2026
12:23
Анара Батырханға медаль не үшін берілді? Минист...
09.11.2026
11:50
«Қазақмыс» кен орындарын дрондар мен 3D техноло...
09.11.2026
11:40
Алматы метросында не болды: метрополитен жағдай...