"Дос болып қалдық": Qoslike-тың жұлдызды жұбы көпшілікті таңқалдырған шешімін жариялады
Әлеуметтік желіде жұлдызы жарқырап тұрған Qoslike жобасының ең танымал жұптарының бірі — Тәуіржан мен Айгүл көпшіліктің жүрегіне үміт ұялатып үлгерген еді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Алайда жұрт күтпеген жерден олардың қарым-қатынасын тоқтатқанын біле сала желі дүрлігіп кетті.
Тәуіржан сөзін алыстан орағытпай:
«Айгүл екеуіміздің сіздерге жаңалығымыз бар…» деп бастады.
Ал Айгүл болса бұл шешімнің ұзақ ойланып қабылданғанын жеткізді:
«Бұл — өзара шешім. Соңғы видеодан кейін бәрі үйленуге ұсыныс болды ма деп сұрап жатыр. Жоқ, ол тек жұп болуға ұсыныс еді», — деді ол.
Желі қолданушылары неге сақинаның тақылмағанын сұрап әлек болып жүргенде, мәселенің мәні де ашылды.
Тәуіржан:
«Мен ол сәтті қатты күттім. Бірақ Айгүл сақинаны тақпай жүрді. Неге олай? деп ойлай бердім», — дейді.
Айгүл болса:
«Тақпауымның себебі — әлі сөйлесіп көруіміз керек шығар деп ойладым. Өзіне де бірден айта алмадым», — деп ағынан жарылды.
Олардың айтуынша, шешуші әңгіме шулы Бали аралында болған.
Екі жақ екі ойда жүрген қос ғашық ақыры:
«Бір-бірімізбен сөйлесіп, дос болып қалғанымыз дұрыс деген байламға келдік», — деп түйіндеді.
Ал жанкүйерлердің реакциясы екіге бөлінді:
«Бәрі өтірік болғаны ма?», «Қалайша? Неге? Әдемі жұп едіңдер…», «Тіпті сенбей тұрмыз»-деді оқырмандар
Не десек те, Qoslike жұбы тағы да ел талқысының дәл ортасында.
Ал екеуінің расымен дос болып қала ма, әлде болашақта тағы да «от» тұтана ма оны уақыт көрсетер.
Соңғы жаңалықтар