Досаевтың шаңырағы қанша табыс тапқаны белгілі болды

06.01.2026 13:42 Арман Ермеков Арман Ермеков
Досаевтың шаңырағы қанша табыс тапқаны белгілі болды
0
962
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Ақорда Президент әкімшілігіндегі жоғары лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайларының 2024 жылғы кіріс декларациясын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz

Ресми құжаттағы ең қомақты қаржы Алматының бұрынғы әкімі, қазіргі Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың отбасында тіркелді. Шенеуніктің өзі есепті жылы 14 миллион 19 мың теңге табыс тапқан. Ал оның жұбайы Гүлнар Досаеваның жалпы кірісі 2 миллиард 338 миллион 455 мың 678 теңгені құрады. Құжатта бұл қаражаттың нақты қайдан түскені және кіріс көздері көрсетілмеген.

Декларацияда өзге шенеуніктердің жеке табысы көрсетілмегенімен, олардың жұбайларының қаржылық есебі толық берілген:

  • Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің жұбайы — 24,9 миллион теңге;
  • Президент көмекшісі Қуанышбек Есекеевтің жұбайы — 48,2 миллион теңге;
  • Президент кеңесшісі Алексей Цойдың жұбайы — 1 миллион теңге;
  • Мемлекеттік инспектор Батыржан Байжұмановтың жұбайы — 2,6 миллион теңге.

Ашық дереккөздерге сүйенсек Гүлнар Досаеваның ірі көлемдегі табысы оның кәсіпкерлік қызметімен байланысты. Ол алтын өндірумен айналысатын «Жалтырбұлақ» компаниясының және AZM Zhaltyrbulak Limited холдингінің тең құрылтайшысы саналады. Сондай-ақ «РТС ДЕКО» жарнама агенттігінің шамамен 15% акциясына иелік етеді.

Айта кетейік жақында ғана Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қорының басшылық құрамына енген болатын. Бұған дейін Үкіметтің алты бірдей министрлігі лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайларының 2024 жылғы кіріс есебін көпшілікке ұсынған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий