Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық елімізге экстрадициялана ма – СІМ не дейді

22.04.2026 14:45 Әсел Мұрат
Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық елімізге экстрадициялана ма – СІМ не дейді
309
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бақаевтың айтуынша, Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандықты экстрадициялау туралы әзірге сөз болып отырған жоқ. 

Қазақстан азаматын Дубайдың бірінші сатыдағы соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Министрлік өкілі бұл үкімнің әлі түпкілікті емес екені атап өтті. 

«Бұл – Дубай қаласының бірінші инстанциядағы сотының шешімі. Апелляция берілді, тиісті рәсімдер бар, сондықтан экстрадициялау туралы әзірге ешқандай сөз қозғау мүмкін емес. Алдымен бүкіл сот процесі аяқталуы керек, содан кейін ғана шешім қабылданады», - деп жауап берді Әлібек Бақаев.

Оның айтуынша, бұл мәселе Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) заңнамасына сәйкес шешіледі. Қазір бұл іспен адвокаттар мен Қазақстанның Бас консулдығы айналысып жатыр.

«Бас консулдық, әрине, көмек көрсетеді, өйткені ол - біздің азаматымыз», - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, сотталған қазақстандықтың туыстары Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жүгінбеген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий