Дзюдошы Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан турнирде қоржынға үшінші медальді салды

Дзюдошы Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан турнирде қоржынға үшінші медальді салды
Фото: ҰОК

Дзюдошы Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан Grand Slam сериясындағы турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші медальді салды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.

Финалда қазақстандық спортшы ресейлік Изнаур Сааевқа жол берді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде енді үш медаль бар. Осы салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан қола жүлдегер атанды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу