«Екеуі ақыры қосылды ма?»: Ochooou мен Дариға жаңа туындысын ұсынды

12.01.2026 14:29 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Екеуі ақыры қосылды ма?»: Ochooou мен Дариға жаңа туындысын ұсынды
0
323
Фото: видеодан скриншот

Ochooou мен әнші Дариға Бадықова тыңдармандарына жаңа музыкалық жұмысты ұсынып, желіде қызу талқыға түсті. Өнер иелері «Сен керексің» атты ортақ туындысын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Politico.kz

Жаңа ән көпшілік назарын бірден өзіне аударды. Әсіресе қос әншінің бірге көрінуі желі қолданушылары арасында түрлі болжам мен пікірдің тууына себеп болды.

Кейбір тыңдармандар олардың сахнадағы үйлесіміне сүйсініп,


«Екеуі ақыры қосылды ма?», «Энергетикалары бір-біріне сай, өте жарасымды жұп», «Бір-біріне әдемі үйлесіп тұр» деп жазып жатыр.

Алайда сын айтқандар да табылды. Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл дуэтті хайппен байланыстырды.


«Хайп ұстап жатыр ма?», «Қалтасында миллиарды бар әйел бәріне керек», «Ақша не істетпейді» деген пікірлер де кездесті.

Қалай болғанда да, Ochooou мен Дариғаның «Сен керексің» атты жаңа туындысы бейжай қалдырмай, көпшіліктің талқысына түсті. Тыңдарман арасында түрлі көзқарас қалыптастырған әннің алдағы уақытта қандай баға алатынын уақыт көрсетпек

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий