Екібастұзда мас күйде мерседес тізгіндеген лауазымды шенеунік қамауға алынды

15.12.2025 18:21 Арман Ермеков Арман Ермеков
Екібастұзда мас күйде мерседес тізгіндеген лауазымды шенеунік қамауға алынды
0
406
Фото: Ертіс телеарнасы

Екібастұз қалалық соты мас күйінде автокөлік басқарған мемлекеттік қызметкерге қатысты үкім шығарды. Лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып жүргізуші куәлігінен айырылды, деп жазады Politico.kz.

Kerek.pv telegram-арнасында жарияланған сот қаулысына сүйенсек, оқиға 2025 жылдың 14 желтоқсанында таңғы сағат 04:40 шамасында болған. Полиция қызметкерлері Энергетиктер көшесіндегі 66 үйдің тұсында Mercedes-Benz E240 маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеріс барысында көлікті тізгіндеген азаматтың ішімдік ішкені анықталды.

Рөлде отырған жүргізуші «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі бөлімі басшысының орынбасары Айдын Төлегенұлы Қояғанов болып шықты. 1987 жылы туған шенеунікке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 бабының 1 бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Сот отырысы сол күні жедел түрде өтті. Судья іс материалдарын қарап Айдын Қояғановты кінәлі деп таныды. Үкім бойынша Төлегенұлы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан шектелді. Қамау мерзімі 14 желтоқсан күнгі таңғы сағат 06:20 уақытынан бастап есептеледі.

Сот шешіміне сәйкес шенеуніктің 2017 жылы алған жүргізуші куәлігі ішкі істер органдарына тапсырылуы тиіс. Ал тәркіленген автокөлік иесіне қайтарылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий