Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
114
Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев жаза мерзімінің толық аяқталуына байланысты бостандыққа шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды.
Еске сала кетейік, 2020 жылы ол «Bank RBK» қаржы институтынан 144 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған еді. Бастапқыда сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырғанымен, кейіннен бұл мерзім 2 жылға қысқартылды. Ертаев 2018 жылы ұсталғанын ескерсек, бүгінде ол тағайындалған 9 жылдық жаза мерзімін толық өтеп шықты.
Былтыр күзде экс-банкир рақымшылыққа ілігіп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған болатын. Алайда кейін бұл қаулының күші жойылып, Жомарт Ертаев қайтадан түзеу мекемесіне қайтарылған еді.
Ал енді бұл жолғы босату шешімін қайта өзгерту мүмкін емес. Өйткені Ертаев жазасын, яғни белгіленген мерзімнің соңғы күніне дейін өтеп шықты.
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
13:21
Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
16.09.2026
13:18
Өзіміздің шикізатты өз кәсіпкерлерімізге қымбат...
16.09.2026
13:06
Шетелдің жұмыртқасы мен балапанына жыл сайын 17...
16.09.2026
12:48
«Бақытжан сияқты емес»: Айдос Сарым Құрылтайдағ...
16.09.2026
12:33
Қазақстан мысының шын әлеуеті неге оны өндірген...
16.09.2026
12:07
Алатауда газға қосылу қымбат, кей көшелерді аба...