«Экс-президенттің туыстары билікке қайтып келуі мүмкін»:  депутат желідегілерге жауап берді (ВИДЕО)

04.02.2026 10:38 Әсел Мұрат
«Экс-президенттің туыстары билікке қайтып келуі мүмкін»:  депутат желідегілерге жауап берді (ВИДЕО)
182
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Ермұрат Бәпи

Депутаттар бүгінгі мәжіліс отырысында Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәжілісмен Ермұрат Бәпи Конституция жобасының 48-бабына баса назар аударды. 

Айтуынша, оған қатысты қоғам арасында алаңдаушылық бар. Мұнда Республика президентінің ар намысы мен қадір-қасиетіне қорғауға қатысты берілетін конституциялық кепілдіктер айтылады.Бұл баптың үшінші тармақшасында: «Осы баптың ережелері Қазақстанның экс-президентіне де қолданылады» деген тіркес бар. 

«Осыған байланысты «бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайтып келуі мүмкін» деп, күдік келтірушілер бар. Әлеуметтік желі қолданушылар арасындағы бұл алаңдаушылық қазақи долбар-дабыраға қиқу қосудың сыңары. Себебі экс-президент түгілі, бүгінгі «Президенттің отбасы  мүшелері мен оның жақын туыстарына  мемлекеттік қызмет атқаруға болмайды» деген талап 2022 жылдың 8 маусымындағы конституциялық заңда бекітілген», - дейді Бәпи.

Оның айтуынша, бүгінде конституциялық өзгерістерге қатысты сын көп айтылды. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий