«Елдос колобок» досының асырап алуға берген үшінші баласын алмаған
3111
Белгілі блогер, «Елдос колобок» атымен танымал Елдос Қадырханов НТК телеарнасының «Taboo» бағдарламасына берген сұхбатында бала сүйе алмай жүрген себебін айтты.
Блогердің айтуынша, оған дәрігерлер балалы болу мүмкіндігінің аз екенін айтып, диагноз қойған.
Дәрігердің алдына барғанымда маған бала сүйе алмайсың деді. Белгілі бір диагноз қойды. Мұның бәрі менің уақытында емделмегенімнің кесірінен болды, - деді блогер.Сонымен қатар, ол сұхбат барысында өзіне жақын досы үшінші баласын дүниеге келмей жатып беруге ниет еткенін айтты.
Досым келіп, маған үшінші баламызды сендерге берсек деген ниетін білдірді. Ол маған дүние емес, ұрпағын бергелі отыр. Содан мен отбасыммен ақылдастым. Әулеттің үлкендері маған «не баланы, не досыңды таңда» деді. Яғни, баланы алатын болсаң, досыңнан алшақтауың керек деді. Өйткені сол бала арқылы ертең арамызда түсініспеушілік пайда болатынын ескертті. Сонымен, ойлана келе мен досымның ұсынысынан бас тарттым. Қазір ол бала – менің кіндік балам. Есімі – Елдос. Мінез-құлқы өзіме ұқсайды, - деді Елдос Қадырханов.
Соңғы жаңалықтар
25.08.2026
17:34
Кәсіпкер: Балам жердің астында тоңып жатыр деп ...
25.08.2026
17:10
Зеленский Тоқаевқа алғыс айтты
25.08.2026
17:02
Жетісу облысында сел жүріп, жолды су басты
25.08.2026
16:45
"Жүрегіне пышақ сұққан": БҚО-да әйел бірге тұра...
25.08.2026
16:42
Косметолог: Қал мен сүйелді қанату — қатерлі іс...
25.08.2026
16:16
Миллиардтап шығынға батқан Екібастұз ГРЭС-2 бас...