Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып ауруханаға түсті

11.10.2026 • 10:24 Қарақат АСЫЛОВА
Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып ауруханаға түсті
199
Фото: ҰОҚ

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Спортшының омыртқасына зақым келген. Аслан Қаженовтің мәліметінше, жарақатына байланысты боксшы 29 қазанда Тараз қаласында басталатын Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды.

«Өкінішке қарай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деп жазды Аслан Қаженов.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, сондай-ақ халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап жүрген танымал боксшылардың бірі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий