Елімізде IT мамандықтарға қосымша 3 мың адам тегін оқытылады
Қазақстанда IT мектептерде қосымша 3 мың адам оқытылады, деп хабарлады politico.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде Astana Hub базасында 2021 жылдан бері IT саласында адами капиталды дамытуға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске асырылып келеді.
Tech Orda бағдарламасы бойынша ІТ мектептер үшін 6 мыңнан аса білім беру гранты бөлінген. 2024 жылы Қазақстан азаматтарын IT мамандықтарға оқыту үшін тағы 3 мың ваучер бөлу жоспарланған. Аталған шаралар ірі корпорацияларда да, шағын және орта бизнес секторында да сұранысқа ие жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді, - делінген ресми хабарламада.Ал президент Үкіметке 2026 жылға қарай ІТ қызметтер экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізуді тапсырған болатын. Қазірдің өзінде Қазақстан GovTech саласындағы шешімдерін Тәжікстанға, Того мен Сьерра-Леонеге экспорттап, жаһандық ІТ нарығында өз орнын алуға мүдделі. Былтыр еліміздің ақпараттық технологиялар экспорты іс жүзінде 2 есе артып, 2023 жылы 529,1 млн долларға жеткен. Фото: vuzopedia.ru
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...