Елімізде Конституциялық комиссия құрылды
2401
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Жарлыққа сәйкес Конституциялық комиссия құрамы бекітіледі.
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамы:
- Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы,
- Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары,
- Балаева Аида Ғалымқызы ‒ Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары,
- Жарылғанов Айдар Төлетайұлы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Конституциялық комиссияның хатшысы.
Комиссия мүшелерімен мына жерден танысуға болады.
Еске сала кетейік, президент Ұлттық құрылтайдың V отырысында Конституциялық комиссия құру туралы жарлыққа қол қоятынын хабарлаған еді.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасалғалы тұр.
Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді.
«Жалпы, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды», - дейді Тоқаев құрылтай отырысында.
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
00:00
Досымен бәстескен ер адам Аргентина құрамасы же...
29.07.2026
23:22
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ес...
29.07.2026
22:42
Қазақстан мен АҚШ КҚК мәселесін талқылады
29.07.2026
21:52
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер...
29.07.2026
21:46
Тоқаев Астанада «Болашақ ойындарын» ашып, Қазақ...
29.07.2026
21:14
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қ...