Елімізде орташа айлық 429 мың теңгеден асты: қай өңірлерде жалақы өсті

11.11.2025 13:05 Әсел Мұрат
Елімізде орташа айлық 429 мың теңгеден асты: қай өңірлерде жалақы өсті
0
145
Фото: ашық дереккөз

Биылғы жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы ресми түрде 429 368 теңгені құрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Елімізде жұмыс істейтін азаматтардың саны – 3,8 млн адам. Үшінші тоқсандағы жалпы еңбекақы қоры – 4,9 трлн теңге. Нәтижесінде, әрбір қызметкерге айына 429 368 теңге тиесілі, бұл сомаға үстемақылар мен сыйақылар кіреді. Бұл деректер шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда алынған.

Салалар бойынша ең жоғары жалақы

Ең жоғары жалақы – кен өндіру және карьерлерді игеру саласында – 922 274 теңге; қаржы және сақтандыру – 883 611 теңге; ақпарат және байланыс – 818 114 теңге; кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 637 570 теңге. Ең төменгі орташа жалақы білім беру саласында тіркелген – 290 891 теңге.

Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы

Ең жоғары орташа айлық жалақы Маңғыстау (606 125 теңге), Атырау (602 752 теңге) облыстарында және Астанада (569 647 теңге) тіркелген. Одан кейінгі орындарда – Ұлытау облысы (554 277 теңге) және Алматы (546 261 теңге). Шымкентте бұл көрсеткіш – 336 678 теңге. Ал ең төменгі орташа жалақы Түркістан облысында тіркелді – 288 690 теңге.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий