Елімізде вице-президент лауазымы пайда болмақ

20.01.2026 13:27 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Елімізде вице-президент лауазымы пайда болмақ
0
252
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тоқаевтың айтуынша, оны парламент келісімімен президент сайлайды. Вице-президент Парламентте, халықаралық іс-шараларда және шетелдік серіктестермен жүргізілетін келіссөздерде мемлекет басшысының мүддесін қорғайды.

«Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін халықаралық форумдарда, шет мемлекеттердің делегацияларымен жүргізілетін келіссөздерде қорғайды. Сондай-ақ Парламентте президенттің өкілі болады, отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды және мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.Вице-президенттің қызметтік өкілеттігіне қатысты осы негізгі ережелер Конституция мәтінінде де көрініс табуы тиіс. Сонымен қатар қазіргі Парламент қызметін қамтамасыз ететін бірқатар аппараттық құрылымдар мен мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқартылатын болады. Президент әкімшілігінің функциялары, құрылымы және басқару жүйесі саяси қажеттілікке сәйкес реформаланады. Вице-президент институты көптеген елдерде бар. Біздің жағдайда бұл лауазымды енгізу мемлекеттік басқару процесін тұрақтандырып, билік иерархиясына түпкілікті айқындық енгізеді. Бұл конституциялық жаңашылдық президенттік биліктің әлсіреуін білдірмейді. Керісінше, президент институты мемлекеттік жүйедегі негізгі әрі шешуші рөлін сақтап қалады», – деді Тоқаев.

Сонымен бірге, Тоқаев мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқаратынын айтты.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстанның халық кеңесін құруды ұсынғанын жазған едік.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий