Еңбек министрлігі: Жасанды интеллект 1 миллионнан астам қазақстандықты жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Мәжіліс отырысында өндірісті автоматтандыру мен цифрландырудың Қазақстанның еңбек нарығына қауіп төндіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Вице-министрдің айтуынша, 423 кәсіп тобына жасалған талдау нәтижесінде еліміздегі 2,2 миллион жұмыс орнын автоматтандыру қаупі бар екені анықталған. Соның ішінде 1 миллионнан астамын жасанды интеллект алмастыруы ықтимал.
Бұл қауіп әсіресе Алматы, Астана және Шымкент сияқты ірі қалаларда жоғары. Вице-министрдің сөзінше, қаржы, ақпараттық технологиялар, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы мамандардың жұмыс орындарына қатер төніп тұр.
Дегенмен, шенеунік жаппай жұмыссыздық орын алуы екіталай екенін атап өтті. Оның себебі Қазақстанда жұмыс күшінің құны салыстырмалы түрде төмен. Компаниялар автоматтандыруға тек экономикалық тұрғыдан тиімді болғанда ғана көшеді.
«Сонымен қатар, дрон операторлары мен робот техникасы мамандарынан бастап, деректерді талдаушылар мен киберқұқық сарапшыларына дейін жаңа кәсіптер пайда болады», – деді Олжас Анафин.
Соңғы жаңалықтар





