Енесінің тепкісіне шыдай алмаған келін уксус ішкен
719
Сурет Гүлмира Әбіқай парақшасынан
Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желісінде “Тиран ене” атты жазба қалдырды,-деп хабарлайды politico.kz.
Оқиға Түркістан облысының Арыс ауданында болды. Дананың жасы 26-да. Жігітімен сүйіп қосылды. Күйеуге тиген 6 жылда 3 бала туды. Үлкені 4-те, ортаншысы 2-ден асты, кішісі небәрі 9 айлық бөпе. Баламның басын айналдырып тидің деп келін болып түскелі отырса опақ, тұрса сопақ. Енесі тарапынан Әркез психологиялық қысым, қорлық, қол көтеруден мезі болған келін соңғы ұрыстан соң өлуге бел шешеді. 01 маусым күні таңертең үйдегілер қалың ұйқыда жатқанда орнынан тұрып, балаларының бетінен сүйіп қоштасып, уксус ішіп естен танады. 3 күн ес-түссіз жатып, беті әрең бері қарады. Жанында өз анасы күткен. Палатаға ауысқан соң дәрігерлер анасын шығарып артқы есіктен күйеуін кіргізді,- дейді туыстары. Енді басталады өтірік аяққа жығылу, күйем-сүйем, енді қайталамаймын, кешір деген варианттар. Одан қалса енесі, атасы, туыс, құдалар, ауыл белсенділері , ақсақалдар алқасы, ауыл биі бір кешірім бер келін деп келетіні тағы анық. Кей ауылда кешірімге әкім мен инспектор да қызу араласады. Осындай бір ауылға сөзі өтіп, елді қаратып отырған жандар отбасылық зорлық-зомбылық болған кезде дер мезетте неге араша түспейді екен деген ой келеді?! Дана енді ол үйге оралмаймын деп отыр. Енесінің үстінен арыз жазды. Азаматша Қатираға қатысты ҚР 105 баппен қылмыстық іс қозғады (өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу). Енді ағайыншылық, қазақылық демей заң Заң болып қалуы тиіс! Жігітіне сүйіп қосылып, күйеуінен емес енесінен таяқ жеген келінге әділ заң бар екенін айтып, тілекші болайық. Дананың балаларын көрмегелі тура 1 апта болды. Ендігі уайымы балаларымды қалай аламын деп жылап отыр. Құдай-ау, кәмелет жасқа толмаған әлі өз ой-пікірін жеткізе алмайтын балалар заңға сай анасының қамқорлығында қалады. Оның үстіне 9 айлық бала емшек сүтін сағынып жүргені анық.Соңғы жаңалықтар
22.06.2026
18:30
Алматы облысында марқұм генерал Жайлаубек Халық...
22.06.2026
18:23
Әнші Төреғали Төреәліге шектеу қойылды
22.06.2026
17:54
ҚМА сегіз өңірде жаңа басшыларды тағайындады
22.06.2026
17:51
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Пакқа сот үкі...
22.06.2026
17:31
Айгүл Иманбаева өзін дуалағандардың кім екенін ...
22.06.2026
17:24
Желіде тіл мәселесіне қатысты қос стандартқа на...