Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Ербол Хамитов Милан–Кортина Паралимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов тамаша нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды.

Айта кетейік, Ербол Хамитов бұған дейін Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. 

Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу