Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне мүше болды

13.01.2026 15:51 Арман Ермеков Арман Ермеков
Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне мүше болды
0
438

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды Politico.kz

Басқарушы органға Алматы қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ерболат Досаев енді.

Қор биржасының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Директорлар кеңесінің құрамы былтырғы 26 желтоқсанда бекітілген. Жаңарған тізімге негізінен ел экономикасы мен инвестициялық саясатқа жауапты жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер кірді.

Кеңеске Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық етеді. Оның құрамына Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр, вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы министрі Мәди Тәкиев және Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағасбаев енгізілді. Холдингтің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин де кеңес мүшесі болып қала берді.

Сонымен қатар басқарушы органға тәуелсіз директорлар ретінде Мари-Элен Берар, Дэниел Алан Витт және Норберт Манфред Грундке сайланды.

Ерболат Досаев үшін бұл құрылым таңсық емес. Ол 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы қызметін атқарған. Бұған дейін Досаевтың «Самұрық-Қазына» қорының басшылық құрамына енгені туралы хабарланған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий