Еркек болсаңыз - шығыңыз! Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды

Еркек болсаңыз - шығыңыз! Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды
03.10.2025 12:50
0
326
ФотоКоллаж: POLITICO.KZ
Журналист Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Журналист Гүлбану Әбенова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровқа үндеу жолдап, оны жекпе-жекке шақырды. Алайда, бұл спорттық кездесу емес, ашық сұхбат форматындағы айтыс болмақ.

Әбенованың жазуынша, депутаттың бос уәделері мен сөздерінен халық шаршаған, енді нақты іске көшетін уақыт жеткен. Журналист тікелей эфирді екеуінің "октагоны" етуді ұсынды.

"АРДАҚ НАЗАРОВ!

Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге — сол біздің октагонымыз болсын!

Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет.

Тікелей эфирде менің сұрақтарыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз — бәрі халық алдында ашық айтылсын.

Қолғаптың орнына дипломдарыңызды, студент кезіңізде түскен суреттеріңізді алып келіңіз. Курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды көрсетіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін.

Бұл — тек жекпе-жек емес. Бұл — шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас.

Сіздің жұдырығыңызда халық тұр деп мақтанасыз, ал менің қаламымда халық тұр.

Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз.

Егер шынымен ер азамат болсаңыз — октагонға шығып, соны дәлелдеңіз!

Мені «тәтешка» деп сылтау айтушы болмаңыз! Еркек болсаңыз — шығыңыз!", – деп жазды Гүлбану Әбенова.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий