Ерлан Қарин жаңа лауазымда нені қолға алатынын айтты
342
Қазақстанда өңірлерде орнатылатын ескерткіштердің мазмұны мен идеялық сапасына қатысты жүйелі жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ҚР Вице-президенті Ерлан Қарин Instagram парақшасында жазды.
Оның айтуынша, аймақтарда ашылып жатқан кейбір ескерткіштерден жергілікті мүддені жоғары қою және қоғамдағы өзге де келеңсіз құбылыстардың белгілері байқалады.
«Өңірлерде ашылып жатқан ескерткіштерде әлі де жергіліктілік пен басқа да қоғамдық кемшіліктердің белгілері кездеседі», – деп атап өтті Ерлан Карин.
Вице-президенттің пікірінше, кез келген ескерткіш, мүсін немесе шағын сәулеттік нысан тек белгілі бір тұлғаны не оқиғаны дәріптеумен шектелмеуі керек. Олар ұлттық бірегейлікті дамытуға және қоғамға ортақ құндылықтарды нығайтуға қызмет етуі тиіс.
Осыған байланысты Қазақстанда ескерткіштердің мағыналық және мазмұндық сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілмек.
Соңғы жаңалықтар
06.09.2026
09:18
Ерлан Қарин жаңа лауазымда нені қолға алатынын ...
05.09.2026
17:36
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстары кезінде ек...
05.09.2026
17:12
Бауыржан Байбекті қарамағындағы адам тонап кетті
05.09.2026
16:26
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баян...
05.09.2026
15:13
Қазақстанның үш облысында әскери техника қозғал...
05.09.2026
14:09
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күд...