"Ешкімге сатылмайтын күйеуімді қолдаймын": Пугачева өзін "шетел агенті" тізіміне қосуды сұрады
Ресейлік әнші Алла Пугачева РФ Әділет министрлігінен өзін "шетел агенті" тізіміне қосуды сұрады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Әнші өзінің инстаграм парақшасында Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы өз пікірін ашық жариялап, соғысқа қарсы шыққан күйеуі Максим Галкинді қолдады.
"Сізден мені сүйікті елімнің шетелдік агенттерінің қатарына қосуыңызды сұраймын. Өйткені мен адал, парасатты, шыншыл күйеуімді қолдаймын. Ресейдің нағыз, ешкімге сатылмайтын патриоты, Отанымыздың гүлденуін, бейбіт өмір мен сөз бостандығын және азаматтарымыздың өмірін қиындататын иллюзиялық мақсаттар үшін жігіттеріміздің өлімін тоқтатуды тілейтін күйеуіммен біргемін",- деп жазды Пугачева.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алла Пугачеваның күйеуі Максим Галкин "шетел агенттері" тізіміне енгізілген болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...