«Ешқандай қысым болған жоқ»: Теміртас Жүсіпов пен жұбайы жанжалдан кейін күтпеген мәлімдеме жасады

12.07.2026 12:34 Қарақат АСЫЛОВА
«Ешқандай қысым болған жоқ»: Теміртас Жүсіпов пен жұбайы жанжалдан кейін күтпеген мәлімдеме жасады
421
Видеодан кадр

Белгілі қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов пен оның жұбайы әлеуметтік желі арқылы бірлескен үндеу жасап, татуласқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Боксшы Instagram парақшасында жариялаған видеода ерлі-зайыптылар соңғы уақытта отбасына қатысты түрлі әңгімелер мен қауесеттердің көбейгенін айтып, жағдайға бірге түсініктеме беруді жөн көргендерін жеткізді.

Олардың сөзінше, арасында отбасылық жанжал болған. Алайда екеуі де болған жағдайдан қорытынды шығарып, байыппен сөйлескеннен кейін отбасын сақтап қалу туралы ортақ шешімге келген.

Теміртас Жүсіпов қазақстандықтардан қабылдаған шешімдерін құрметтеп, жеке өмірлеріне араласпауға шақырды.

Өз кезегінде спортшының жұбайы бұрын берген арызын өз еркімен қайтарып алғанын айтты. Оның сөзінше, бұл шешім ешқандай қысымсыз қабылданған.

Сондай-ақ ол қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішті де өз еркімен бергенін айтып, қоғамнан отбасының жеке өміріне құрметпен қарап, алдағы уақытта тыныш өмір сүруге мүмкіндік беруді сұрады.

Войдите, чтобы оставить комментарий