«Ештеңе есімде жоқ»: Куәгер сотта пікірін өзгертті

«Ештеңе есімде жоқ»: Шерзат ісі бойынша куәгер сотта жауаптарын өзгертті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сотта 32 жастағы Эльмира Нұрбекова - айыпталушылармен бірге қақтығыс орнына келген екі қыздың бірі - жауап беруді жалғастыруда.
Тергеу барысында Нұрбекова айыпталушы Абзал Шынасылдың қолында пышақ болғанын және оның жерде жатқан балаға арқасынан бірнеше рет соққы жасағанын айтқан.
«Бала жерде қанға малынып жатты. Абзал Шынасыл оның арқасынан пышақ сұғып жатты, ол кезде бала етбетінен жатқан еді», – делінген оның бастапқы жауабында.
Бұл мәліметті сотта прокурор оқыды. Алайда бүгінгі сот отырысында Нұрбекова кенеттен Шынасылдың қолында пышақ болғанын есіне түсіре алмайтынын мәлімдеді. Ол мұны полицияда өткізген екі тәуліктен кейінгі шок жағдайымен түсіндірді.
Отырыстың тікелей трансляциясын мына жерден қараңыз 📹
Ақпарат CMN.KZ арнасынан алынған.
Соңғы жаңалықтар





