"Гүл машинам, күн машинам". Гүлзира Айдарбекова көлігін көрсетіп мақтанды

04.07.2025 17:22
0
93

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің көлігін сатылымға шығарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесі 2018 жылы Lexus 470 маркалы көлігін жер-көкке сыйғызбай мақтады. 

“Гүл машинам, күн машинам. Өзім сондай жақсы көремін. 2018 жылы салоннан алғанмын. Бәрі осы көлікке құмар. Нұрекең де, балалар да  күшті машина айдап жүр. Бірақ менің көлігіме құмар. Айдап кете береді. Алыс жолға осымен шығамыз. Енді Нұрекең “жаңа көлік әперем” дейді. Енді ысырап болмасын деп сүйікті көлігімді сатқым келеді. 7 жылдың ішінде бұзылмады, жолда қалдырмады. Бағасы – 25 миллион теңге деп отырмын. Қолма-қол болса саудасын келістіреміз”, – деп жазды продюсер. 

Сонлай-ақ ол көліктен бөлек не нәрселерге жаны құмар екендігін айтты. 

“Иіссуларды өте қатты жақсы көремін. Массаж құралдарын да жинағанды ұнатамын. Коллекция деп айтсам болады. Бір бөлмеде 3-4 массаж жасайтын құралды көресіз. Астанадағы ұлымның үйінде де бар. Қайраттың бөлмесінде де бірнешеуі тұр. Гардеробым қатты үлкен емес. Екі қаладағы үйімізде де гардеробым бар. Орын алып тұрғандардың дені – сахналық киімдерім. Отандық дизайнердің қолынан шыққандар. Қыз ұзатамын, келін кіргізіп, тұсау кескенде осы көйлектерімді киіп шығамын. Италиялық бренд киім де көп. Көріп тұрсаңыз аяқ киім де көп. 5-7 см ғана биік өкше киемін. Жемпір кигенді жақсы көремін. Бір киімді қатты ұнатсам, тастамай киіп жүремін. Мен киімнен гөрі бриллиант жиынтықтарға қызығамын. Өзім сыйлыққа алғанды жақсы көремін. Сыйлағанды да жақсы көремін. Сосын иіссуларға қызығамын. Ашылмаған күйі қаншама әтірлерім тұр”, – деген еді продюсер. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий