"Халқымыздың есін жиғызамыз": Омар Жәлел қазақтың бас биі болып сайланды (ВИДЕО)
414
Абайтанушы, ғалым Омар Жәлел Шымкент қаласында "қазақтың бас биі" болып сайланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Мен негізінен ешқандай да би боламын деп келген жоқпын. Адам билікке ұмтылмауы керек. Билік - өте ауыр нәрсе. Бірақ енді халық қалап отыр. Неге? Өйткені бұл жұмысты біреу істеуі керек. "Жалғыз адамның үні шықпайды, жаяудың шаңы шықпайды" дейді. Сіздер өздеріңіз сайладыңыздар. Енді бірлесіп жұмыс істейік. Бірауызды болайық. Маған үміт артқандарыңызға рақмет! Мың өліп, мың тірілген, есесі талай кеткен қазақтың ұпайын түгендеп, ең бастысы есін жинауға көмектесуіміз керек. Есін жинаған халықтың етегі жабылады. Өкінішке қарай, қазір халықтың етегі ашық тұр. Неге? Өйткені, есін жинай алмай отыр. Мына 150 жылдық отаршылдықтан кейін есімізді жоғалтып алдық. Қазіргі кезде билер деген не? Билер дегенеміз халықтың өз-өзіне келе бастауы, организмнің тірілуі... Халықтың өз-өзіне деген сенімі қайтып жатыр. Өзіне сенбеген халық мемлекет бола алмайды. Өзіне сенбеген халық шығармашылықты да, экономиканы да, әдебиетті де жасай алмайды. Өзін қорғай алмайды. Сондықтан қазір қазаққа рух беретін, кеудесін көтеретін уақыт келді. Біздің мақсатымыз - қазақтың есін жиғызу, рухын көтеру", - деп мәлімдеді Омар Жәлел.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
02:35
"Ақшам ғана керек болды ма?". Нұржан Қалған өзі...
13.09.2026
02:03
Тарихшы: Алтын Орда мұрагерлерінің ішінде жалғы...
13.09.2026
01:22
Трамп Қазақстанды Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен...
12.09.2026
21:34
Гүлмира Ізбасхан: Шашым мен татуировкам үшін Құ...
12.09.2026
21:00
Баян Алагөзова: Балаларыма аз уақыт бөлдім деп ...
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...