Имам Нұрлан қазақша амандасуды қолдап, арабшалап сәлемдесуді сынады

Имам Нұрлан қазақша амандасуды қолдап, арабшалап сәлемдесуді сынады
01.05.2025 19:36
0
27
Фото: видеодан скрин

Белгілі имам Нұрлан жұртшылық арасында жиі қолданылатын арабша сәлемдесулерге қатысты өз пікірін білдіріп, қазақтың дәстүрлі амандасу үлгісін қолдауға шақырды. Оның айтуынша, «Армысың» деп амандасқан адамға жат немесе теріс көзқараспен қарау – надандықтың белгісі, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

«Бізде қазір "Армысың" деп амандасса, тәңіршіл, кәпір адамды көргендей болады. Бұл — өз ұлтын білмеген, тарихын білмеген ақымақ адамдардың сөзі», — деді Нұрлан имам.

Ол ұлттық дәстүрлер мен тілді құрметтеу — дінге қарсы келмейтінін, керісінше, адамды рухани байыта түсетінін атап өтті. Сонымен қатар, имам әр халықтың өз мәдениеті мен амандасу үлгісі бар екенін, ислам діні де бұл ерекшеліктерді жоққа шығармайтынын айтты.

Бұл пікір әлеуметтік желіде түрлі көзқарас тудырып, қоғамдық пікірталасқа себеп болды. Бірі имамның ұлттық болмысқа негізделген көзқарасын қолдаса, енді бірі арабша амандасуды дінге құрметтің белгісі деп есептейтінін алға тартты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий