«Иманды болсын»: Мұхтар Шахановтың отбасында қайғылы қаза болды

«Иманды болсын»: Мұхтар Шахановтың отбасында қайғылы қаза болды
18.04.2025 08:55
0
429
Фото: Видеодан кадр

Мұхтар Шахановтың жары Розалинда Әшірбайқызы Шаханова көз жұмды, деп хабарлайды POLITICA.KZ. 

Розалинда Әшірбайқызы Шаханова - белгілі ғалым, педагог. Ол 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. QyzPU-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, оны 1974 жылы тәмамдаған. Бес жылға жуық орта мектепте тәрбиеші және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген. Дарынды тұлға 1990 жылы кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шыққан. 1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша екінші жоғары білім туралы диплом алған. Сонымен қатар сол жылы доцент ғылыми атағына ие болды. 

2004 жылы тәжірибелі де жоғары білікті маман ретінде QyzPU-ға қызметке шақырылып, 2008 жылға дейін оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор лауазымын атқарған. 

Шахановтың жары бірқатар оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен көптеген ғылыми мақалалардың авторы. Оның ғылым мен білім берудегі ісін жалғастырушы ізбасарлары да аз емес. 

Ғылым мен білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» сияқты атақтарға, ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін», «Ы. Алтынсарин», QyzPU дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» медаліне және тағы басқа да көптеген марапаттарға ие болған. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий