Индира Расылханның қызы сырғалым атанды
Қазақстандық танымал әнші Индира Расылхан жақын арада қызын ұзатады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесінің тұңғыш қызы Айдина сырғалым атанды. Ал қуанышты жаңалықты Индира Расылханның өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.
Ол желіде құдалықтан видео жариялап, сырға салу рәсімі қалай өткенін көрсетті.
"Сырға салу дәстүрімізді қайта жаңғыртсақ деген мақсатта, құдаларымызды күтіп, дәстүрімізге сай сый-сыяпатымызды жасап, шығарып салдық. Айдина қызымыз сырғалым атанды. Ұл өсті, қыз бой жетті деген осы екен. Күйеуге шығатын уақыттары да келіп қалғанын байқамаппыз. Әр нәрсе өз уақытында деп өзімді жұбатып қоямын. Ендігі шапқылау сол ұзату болмақ. Құттықтауларыңызды жаудырып жіберіңіздерші, жақсыларым! - деп жазды Индира Расылхан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады