Иран бес елдің кемесіне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
Тегеран бес елдің кемесіне бұғатталған Ормуз бұғазынан өтуге рұқсат берді. Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Аббач Аракшы айтты, деп хабарлайды Politico.kz. РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Тегеранның мәлімдеуінше, олар достық қарым-қатынастағы бірнеше елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берген. Бұл елдер қатарына Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Пәкістан кіреді.
«Қарсыластарымызға бұғазды пайдалануға мүмкіндік берудің еш мәні жоқ», – деп «Аль-Алям» телеарнасы министрдің сөзін келтіреді.
Аббас Аракчидің айтуынша, қарсылас елдердің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге тыйым салынған. Олар АҚШ пен Израиль.
«Қарсыластар бұғазды басқа мемлекеттердің көмегімен ашуға тырысқанымен, бұл әрекеттерден еш нәтиже шықпады. Бұғаз тек жауласып отырған елдердің кемелері үшін жабық», – деді ол.
Ормуз бұғазы – Парсы шығанағы мен Оман шығанағын жалғайтын негізгі маршрут. Ирак, Қатар, Кувейт және БАӘ сияқты мұнай алпауыттары үшін ашық теңізге шығатын жалғыз есік.
АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы жасай бастады. Иран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы беруде.
Соңғы жаңалықтар