Иранға қарсы соғысты аяқтау туралы шешімді кім қабылдайды? – Трамп жауап берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Times of Israel басылымына телефон арқылы берген сұхбатында Иранға қарсы соғысты аяқтау туралы шешім Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірге қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
«Менің ойымша, бұл белгілі бір деңгейде ортақ шешім болады. Біз үнемі байланыстамыз. Мен қажетті сәтте шешім қабылдаймын, бірақ барлық фактор ескеріледі», — деп жауап берді Трамп соғысты аяқтау туралы шешімді өзі ғана қабылдай ма, әлде Нетаньяхудың да пікірі ескеріле ме деген сұраққа.
Трамптың айтуынша, егер билікте өзі мен Нетаньяху болмағанда, Иран Израильді жойып жіберер еді.
Иран Израильді және онымен байланыстының бәрін жоюды көздеді. Біз бірге әрекет еттік. Біз Израильді жойғысы келген елді жойдық», — деді Ақ үй басшысы.
Бұған дейін жұма күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт Вашингтон Таяу Шығыстағы соғыс төрттен алты аптаға дейін созылады деп күтетінін мәлімдеген.
АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы жасай бастады. Иран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы беруде.
Последние новости