Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты
1499
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Трамптың айтуынша, Хаменеи АҚШ пен Израильдің бірлескен әрекеті нәтижесінде көз жұмған. Ол бұл жағдайды «Иран халқы үшін өз елін қайтаруға берілген үлкен мүмкіндік» деп бағалап, аймақтағы әскери операциялар жалғасатынын жеткізді.
Хаменеи өлімі туралы ақпаратты Иранның ресми ақпарат құралы да растады. Агенттік мәліметінше, Жоғарғы көшбасшы «таңертеңгі шабуыл салдарынан шәһид болды», ал Тегеран бұл оқиғаға АҚШ пен Израильді айыптап отыр.
Елде 40 күндік аза тұту жарияланды. Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ-тың аймақтағы әскери нысандарына ауқымды соққы жасауға ниетті екенін мәлімдеді.
Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісіп отыр. Сарапшылар қақтығыстың одан әрі ушығу қаупі бар екенін жоққа шығармайды.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...
12.09.2026
16:23
188 адам жаппай уланып, 15 бала ауруханаға түст...
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...
12.09.2026
14:24
Қарағандыда бір жастағы бала бағана орнатуға қа...
12.09.2026
13:18
Ирактан ұшырылған дрондар Сауд Арабиясындағы ір...