«Исламизация болмауы керек»: Нұралы ұстаз Нұрлан имамға шүйлікті
Тiktok әлеуметтік желісінде танымал діни ұстаз Нұрлан имамның айтқан сөздеріне қарсы шығып, оны тыңдамауға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Оның айтуынша, танымал дінтанушы Нұрлан Байжігітов берген сұхбатында шариғатқа керағар пікір айтып отыр.
«Tiktok-тағы Нұрлан имамның журналиске берген сұхбатын көріп жағамды ұстадым. Алла сақтасын, бәріміз намазхан болып кетпеуіміз керек, «Исламизация» болмау керек дейді. Бұл сөздің тәңіршілдерден ешқандай айырмашылығы жоқ», — деді Нұралы ұстаз.
Алайда видеоның астында, желі қолданушылары пікірлерімен бөлісіп, Нұрлан имамды қолдады.
«Нұрлан имам өте дұрыс айтады. Абай Құнанбаев айтады бәріміз имам болсақ малды кім бағады, елді кім қорғайды деген»,
«Нұрлан дұрыс айтқан, намазды әркім өзі үшін оқиды, ел үшін емес»,
«Дамып кеткен бір ислам елін айтып жіберсің бе?»,
«Нұрлан иманды Қазақстанның бас имамы қылып тағайындау керек», — деп жазды оқырмандар
Соңғы жаңалықтар