Израиль тағы бір елде әскери операция бастады

02.03.2026 13:35 Әсел Мұрат
Израиль тағы бір елде әскери операция бастады
921
Фото: facebook.com/IsraelMOD

Израиль Ливандағы «Хезболлаға» қозғалысына қарсы ауқымды шабуыл операциясын бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Бас штабының бастығы Эяль Замир мәлімдеді.

Әскери басшының айтуынша, Израиль енді тек қорғаныс шараларымен шектелмей, белсенді шабуыл стратегиясына көшкен. 

«Біз «Хезболлаға» қарсы шабуыл операциясын бастадық. Қақтығыс ұзаққа созылуы мүмкін, сондықтан ұзақ күндік ұрыстарға дайын болу керек », – деді Замир әскери кеңес барысында.

Бұған дейін Ливандағы «Хезболла» тобы Израильдің Хайфа қаласына зымыран және дрон соққыларын бағыттаған. Ұйым бұл әрекетін «Али Хаменейдің қаны үшін кек алу» деп түсіндірді. Израиль тарапының мәліметінше, атылған зымырандардың бір бөлігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі арқылы жойылған, ал қалғандары елсіз аумақтарға түскен.

Осы шабуылдарға жауап ретінде Израиль Қорғаныс күштері Ливан аумағындағы «Хезболлаға» тиесілі әскери және стратегиялық нысандарға соққы бере бастады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль әуе шабуылдары салдарынан «Хезболланың» саяси қанатының жетекшісі Мохаммед Раад қаза тапқан. Ол Ливан Ұлттық ассамблеясындағы «Қарсылыққа адалдық» атты парламенттік блокты басқарған.

Сонымен қатар Бейрут қаласының оңтүстік шетінде орналасқан аудандарға жасалған соққылар салдарынан кемінде 10 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы бірлескен әскери операция бастаған болатын. Израиль билігі бұл қадамның басты мақсаты – Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екенін мәлімдеді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әскери флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жою ниеті бар екенін айтып, ел азаматтарын билікке қарсы шығуға үндеген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий