"Көзі өтіп кететіндер бар екен": Дариға Бадықованың шетелге көшкелі жатқаны рас па
498
Отандық актриса Дариға Бадықова жақында жаңа жоба бастайтынын айтты. Ол Instagram желісіндегі парақшасында қолға алған ісіне үлкен сенім артып отырғанын мәлімдеді.
Актриса өз сөзінде өнерден ойып орын алғанын, қазір кез келген кедергіге төтеп бере алатынын жеткізіп, көпшілікке үндеу жасады.
"Жүзімде басталатын жобаға үміт бар. Құдай маған мүмкін емес дүниені мүмкін етеді. Менің сағымды сындыру қиынға соғады. Себебі ақыл-есім бар, Құдайдың қызымын. Бұрын "Алматыға кетемін, келмеймін дейтінмін. Үйдегілер біртүрлі қарайтын. Сыныптастарымды "жұлдыз боламын" деп күлдіретінмін. Шүкір, Алматыда қалдым. Өнерде ойып орын алдым. Продюсер болып, тағы 1-орын алып көрсем бе деп отырмын.
Елден көшіп кетпесін десеңіздер, әрине менің орным болса, осы басталатын жобаны 3 миллиардтан асырайық. Одан асырмайтын болсақ, ренжимін. Ол қандай жоба, кім біледі? Айтуға қорқамын, көз тие ме деп ойлаймын", - деп жазды ол.
Осылайша актриса көпшіліктен қандай кинофильм жайлы айтқанын жасырып қалды.
"Қандай фильм екенін әзірге айтпай-ақ қояйын. Көзі өтіп кететін жандар бар екен. 3 миллиард болады деп ғаламға үндеу жасаймын. Бұл фильм алуы керек. Себебі бұл фильм – көрерменнің фильмі", - деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар
05.06.2026
23:12
“Мас болғанын жасыруға тырысқан”: Алматыдағы Ze...
05.06.2026
22:22
«Қамзол жоғалмағанда, Қыз Жібекті де еске алмас...
05.06.2026
21:14
“Сериялық маньяк өлтірді”: Шиелі мен Жаңақорған...
05.06.2026
20:18
“Қазақ деген ұлт жоқ”: Қырғыз философының мәлі...
05.06.2026
19:16
Астанада екінші әуежайдың салынатын орны белгіл...
05.06.2026
18:11
Нұрлан Сабуровқа қатысты күмәнді ақпараттың ақ-...