Кәмелетке толмаған екі қызды некеге мәжбүрлегендерге қатысты қылмыстық іс тіркелді

Бас прокуратура Қазақстанда қыз алып қашуға қатысты алғашқы төрт қылмыстық іс тіркелгенін мәлім етті деп хабарлайды POLITICO.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, неке қиюға мәжбүрлеу фактілері бойынша алғашқы қылмыстық іс Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тіркелді.
"Айта кетерлігі, екі жағдайда жәбірленушілер кәмелетке толмағандар болған", - деп хабарлайды Бас прокуратура өкілдері
Сонымен қатар, 2025 жылғы 16 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Сол заңға сай, қыз алып қашқандардың әрекеті қылмыстық кодекске еніп, жаза күшейтілді.
"Егер әйел адам ұрланып, күш қолдану қаупімен немесе мүлкін жою не бүлдіру қатерімен неке қиюға мәжбүрленсе, кінәлі адамға 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Абайсызда ауыр зардаптар туындаған жағдайда - кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылады", - деп ескертеді Бас прокуратура.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енді
Соңғы жаңалықтар





