Канадалықтар асырап алған жігіт 17 жылдан кейін анасын іздеп, елге келді
491
Осыдан 17 жыл бұрын Канадаға кеткен Жандос Рейн Ақтауға келіп, анасымен қауышты, деп хабарлайды politico.kz "Маңғыстау" облыстық телеарнасына сілтеме жасап.
Жандосты асырап алған әйел оның күтушісін бірден таныды. Әйелдің айтуынша, бала ол кезде 10 айлық болған.
"Кішкентай кезінен Жандосқа оны асырап алғанымызды айтып келдік. "Туған анасын көргісі келе ме, жоқ па?" оны өзі шешеді деп келдік. Ол Торонтода қазақ достарымен жиі кездесіп, араласып тұрады. 17 жасқа толғанда достары да анасын табуға кеңес берген. Біз оның ниетін қолдадық. "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының авторы Жанар Байсемізге хабарластық. Ол кісінің арқасында Жандостың анасын таптық. Кеше ғана Ақтауға келіп, Жандостың туған анасымен кездестік", - дейді Жандосты асырап алған анасы Шанас Мұхамед.
Жандос елге келген бойда анасымен, туған бауырларымен қауышып, өзі тәрбиеленген сәбилер үйіне барған.
"Анам менен көз жазып қалса да, тастап кетсе де оған өкпем жоқ. Анамды жазғырғым келмейді. Керісінше, болашаққа көз тастаймын, екеуміздің тағдырымыз сондай болды. Егер мені Канадаға алып кетпегенде, сол жақта өспегенде, қазіргі қырларым ашылмас па еді? Мені барлығы керемет қарсы алды. Менің халқым, ұлтым қонақжай екен", - дейді Жандос Рейн.
Итальян, француз, неміс тілдерінде ән салатын Жандос биыл консерваторияға қабылданған.
Фото: mangystautv.kz кадр
Соңғы жаңалықтар
05.09.2026
17:36
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстары кезінде ек...
05.09.2026
17:12
Бауыржан Байбекті қарамағындағы адам тонап кетті
05.09.2026
16:26
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баян...
05.09.2026
15:13
Қазақстанның үш облысында әскери техника қозғал...
05.09.2026
14:09
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күд...
05.09.2026
13:58
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының о...