"Әкесі – неміс, анасы – қазақ": Димаш Құдайберген жүзік таққан бойжеткеннің кім екені белгілі болды
819
ҚР халық әртісі Димаш Құдайберген жүзік сыйлаған бейтаныс ару желіні шулатты. Көп ұзамай бойжеткеннің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды politico.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Неке жүзігін ұстап, ақ көйлек киген қалыңдығын күтіп тұрған өнер иесінің жарнамаға түсіп жатқанын көруге болады. Алайда желі қолданушылары бейтаныс бойжеткеннің кім екенін анықтады.
“Наталья Петри – Алматы қаласының өткен жылғы сұлулық байқауының жеңімпазы. Абай атындағы қазақ ҰПУ-да ғылыми физика мамандығы бойынша оқиды. Мектеп қабырғасынан бері физикамен қоса химия, математика пәндеріне аса қызығушылық танытқан Наталья Петри осы бағытта ұстаздық етуге бел буған. Сондай-ақ Наталья ұлттық бимен айналысады, қазақ мәдениетін жақсы көреді және қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның әкесі – неміс, анасы – қазақ. Оқумен қатар модель болып жұмыс істеуі бойжеткеннің Димашпен бірге жарнамаға түсуіне сеп болған. Жарнамалар Алматы және Астана қалаларындағы билбордтарда қойыла бастады”, – делінген ашық дереккөзде.
Фото: әлеуметтік желіден
Соңғы жаңалықтар
05.09.2026
17:36
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстары кезінде ек...
05.09.2026
17:12
Бауыржан Байбекті қарамағындағы адам тонап кетті
05.09.2026
16:26
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баян...
05.09.2026
15:13
Қазақстанның үш облысында әскери техника қозғал...
05.09.2026
14:09
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күд...
05.09.2026
13:58
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының о...