«Кездескенше…»: Мөлдір Әуелбекова тыңдармандарына үлкен концерттік тур әзірледі
847
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова тыңдармандарын қуантатын жағымды жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі биыл алғаш рет Қазақстан қалаларын аралап, жеке концерттік тур өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz
Әншінің концерттері Талдықорған, Өскемен, Тараз, Қызылорда, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында өтеді. Бұл тур Мөлдір Әуелбекованың шығармашылығын жақыннан танып, жанды дауыста сүйікті әндерін тыңдауға мүмкіндік береді.
Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы кездесулерге қатысты әсерлі жазба қалдырды.
— «Шынайы өмір мен сырлы әуезге толы кеш! Кездескенше, көрермін», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесіне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіруде. Оқырмандар:
«Сәттілік», «Өзі де, дауысы да ерекше», «Сапарың сәтті болсын, бұйырса барамыз», «Асқақ дауысы еріксіз тыңдатады» деп пікір қалдырған.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
10:04
Түркістан облысындағы зауытта танымал спортшы қ...
15.09.2026
09:23
Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық...
15.09.2026
09:06
«Шәйіне дәрі қосып»: Қызылордада жаттықтырушы о...
15.09.2026
08:11
ҚҚДИ сауалнамасына қатысқандардың 86,7%-ы Прези...
15.09.2026
07:35
Семейде 15 шақты пышақ жарақатын алған оқушы ам...
15.09.2026
06:43
Ақбаян Мұқанғалиева емдеу орталығынан шыққан со...