Кездесуде білім және ғылым саласындағы қарым-қатынасты нығайту, оның ішінде жоғары оқу орындары арасындағы кооперацияны арттыру, студенттер алмасу және тағы басқа мәселелерге ерекше назар аударылды
Тараптар Қазақстан мен Сингапурдың іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту үшін күш-жігер біріктіруге уағдаласты. Мемлекет басшысы екі елдің көпжоспарлы әріптестігін нығайтуға септігін тигізетін Үкіметаралық комиссия құруды ұсынды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Лоуренс Вонгты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Содан кейін Қазақстан Президенті мен Сингапур Премьер-министрі сапар барысында қол қойылған құжаттарды алмасу рәсіміне қатысты. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Сингапурдың Орнықты даму және қоршаған орта министрі, Сауда байланыстарына жауапты министр Грейс Фу бір-бірімен символдық тұрғыда құжат алмасты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
14:35
Қазақстанда 46 жыл құжатсыз өмір сүрген әйел ан...
30.10.2026
13:43
«Баспалдақтан құлаған»: Күтушінің қарауында бол...
30.10.2026
12:47
«Маған қарыз болғанын қаламаймын»: Тәуекел Мүсі...
30.10.2026
12:25
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызм...
30.10.2026
11:54
Азамат Қапенов Мәсімовтің қызымен қалай танысқа...
30.10.2026
11:38
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» басшысы болып та...