Кімдердің жалақысы 30 пайызға көтерілетіні белгілі болды

Кімдердің жалақысы 30 пайызға көтерілетіні белгілі болды
20.10.2025 13:28
0
725

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттарға берген жауабында жалақысы 30 пайызға көтерілетін маман иелері туралы жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бектеновтің айтуынша, келесі жылдан бастап балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде жұмыс істейтін жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік шеберлігі үшін лауазымдық жалақысына 30 % көлемінде қосымша ақы төлеу қарастырылған.

«Ол үшін 2025 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 1,8 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Үкіметтің қаулысына тиісті толықтырулар әзірленіп, келісу сатысында», - делінген Бектеновтің жауабында. 


Оған қоса, қолданыстағы заңнама бойынша республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен спорт саласындағы қызметкерлерге үстемеақы тағайындауға және ауылдық жерде жұмыс істейтін спорт саласы мамандарына лауазымдық жалақының кемінде 25 %-ын құрайтын көтеріңкі лауазымдық жалақы төлей алады.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий