Үкімет басшысы зорлық-зомбылықтың алдын алуды үйлестіретін органды анықтауды тапсырды
378
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешудің жаңа тәсілдерін қоғамның талқысына салу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу үшін кешенді шаралар қажет. Сонымен бірге, барлық қадамдар мен жаңа тәсілдерді алдымен қоғамның талқысына салу қажет. Әсіресе, заңнамалық сипаттағы шараларды. Бұл тұрғыда мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылардың бірыңғай ұстанымы қажет. Әлемдік тәжірибені де ескерген жөн», - деді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу атмосферасын қалыптастыру үшін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет.
«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды оңалту мәселесіне көңіл бөлу керек. Оларға тек медициналық қана емес, білікті мамандардың психологиялық, құқықтық көмегі де қажет. Өңірлерде дағдарыс орталықтары мен уақытша бейімдеу мекемелері жетіспейді. Жақында ведомствоаралық комиссия отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша үйлестіруші мемлекеттік органды анықтау туралы шешім қабылданды. Бұл жұмысты тездету керек», - деді Әлихан Смайылов.
Бұған дейін Ішкі істер министрі биыл отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалғанын айтты. Марат Ахметжанов тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты себептерін де атады.
Соңғы жаңалықтар
12.06.2026
16:09
«AMANAT» пен «Әділет» партиялары бірігеді
12.06.2026
15:38
Қазақстанның Салық кодексінен "тенге" сөзі жойы...
12.06.2026
14:56
Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұ...
12.06.2026
14:09
Сәрсемәлиев қылмысты қалай жоспарлағанын сотта ...
12.06.2026
13:22
Данияр Мейірханға қатысты тағы бір қылмыстық іс...
12.06.2026
12:29
Шымкент тұрғыны Қазақстанда жаңа мемлекет құруғ...