«Кофе ішіп, бос отырады»: «Бәйтерек» басшысы Тоқаевтың сынымен келіспейді (ВИДЕО)

17.02.2026 13:30 Әсел Мұрат
«Кофе ішіп, бос отырады»: «Бәйтерек» басшысы Тоқаевтың сынымен келіспейді (ВИДЕО)
106
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Рустам Қарағойшин

Үкіметтегі брифингте «Бәйтерек» холдингінің басшысы Рустам Қарағойшин Тоқаевтың қызметкерлерге қатысты сынына жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық компаниялар қызметкерлерін жұмыс істеудің орнына бос талқылаулармен айналысып, «шәй мен кофе ішіп отыратынын» айтқан еді.

«Ұлттық компаниялар мен «Самұрық-Қазына» қорының басшыларымен өте салмақты әңгімелер жүргіздім. Меніңше, басқару құрылымында артық басқарушы кадрлар шамадан тыс толып кеткен. Сол себепті компаниялардың құрылымын сын көзбен, заманауи талаптарға сай қайта қарау керек. Олардың қатарында «сол жағалаудағы» адамдар көп. Оларды өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Түскі уақытта бір-бірімен пікір алмасады, шәй, кофе ішіп отырады. Олар жұмысқа жеткілікті деңгейде жегілмейді. Кейде тіпті бос отырғаннан жалығады. Сол себепті әлеуметтік желіде көп отырады. Тіпті күмәнді талқылауларға қатысады. Ал олардың дауыс беруге қалай қатысып, қандай шешім қабылдайтыны бөлек әңгіме. Бірақ маған бәрі белгілі. Мұның соңы жақсылыққа апармайды», – деді Тоқаев.

«Бәйтерек» басшысы не деді?

Қарағойшин холдинг қызметкерлерінен мұндай нәрсені байқамағанын мәлімдеді.

Айтуынша, холдингтің жұмысы өз нәтижесін көрсетті. Ол қызметкерлерінің кейде артық жұмыс істеуге мәжбүр болатынын да айтты.

«Бәйтеректегі» қызметкерлер үнемі жұмыспен айналысып жүреді. Кейде тіпті артық жұмыс істейді. Бұл да қосымша жүктеме. Мен біздің қызметкерлердің бір жерде кофе ішіп, бос әңгімемен айналысып жүргенін көрмегенмін. Сондықтан мұндай жағдайды байқамадым», – деді Рустам Қарағойшин.

Сондай-ақ холдинг басшысы өзінің үнемі кеңседе болатынын айтты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий