Көкшетауда тағы бір әйел тротуарда анасы мен баласын көлігімен қағып кетті

20.05.2026 17:27 Әсел Мұрат
Көкшетауда тағы бір әйел тротуарда анасы мен баласын көлігімен қағып кетті
225
Фото: видеодан скрин

19 мамыр күні Көкшетау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында әйел тізгіндеген жеңіл көлік тротуарда кетіп бара жатқан анасы мен баласын басып кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы таралды. Видеодан әйелдің кенеттен тротуарға шығып, анасының қасында келе жатқан баланы басып жаншып өткенін көруге болады.
Полиция осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соққы салдарынан бала жарақат алып, медициналық қызметкерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген.

Баланың ата-анасы жүргізушінің үстінен арыз жазудан бас тартқан.

«Анықталғандай, бала мен анасы тротуарда келе жатқанда, жүргізуші оларды басып кеткен. Бала жеңіл жараланып, үйіне қайтты, ал ата-анасы жүргізушінің үстінен арыз жазудан бас тартты», - деп хабарлайды Ақмола облысының полициясы.

Еске сала кетейік, жақында Көкшетау қаласында жүргізуші куәлігі жоқ әйел адам тұрғын үй ауласында жалғызбасты ананы қағып өлтірген еді

Қазір рөлді тізгіндегі әйел үйқамақта. Жүргізуші куәлігі жоқ әйеліне көлігін берген оның күйеуіне де қылмыстық іс қозғалды.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий