“Көкшетаудан арнайы келген”: “Жаңа адамдар” 13 жастағы қызға азғындық жасамақ болған ер адамды ұстады

Жаңа адамдар желідегі әлеуетті азғындарды әшкерелеу бойынша эксперименттерін жалғастыруда. Мұндай жағдайлар біз ойлағаннан да жиі орын алып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Танысуға арналған танымал «Дайвинчик» Telegram-ботына Жаңа адамдар белсенділері 13 жасар қыздың анкетасын жариялады. Ол анкетаны тым көп адам қараған. Сонымен қатар 24 жастан асқан 120 ер адам лайк бастқан. Олардың көпшілігі танысып, жеке кездесуге ұсыныс тастады.
Солардың бірі «Біржан» деген лақап атпен тіркелген ер адам. Ол бірден интимдік сипаттағы ұсыныстар айтып, мұның не екенін егжей-тегжейлі түсіндіре бастайды. Сонымен қатар, порнографиялық мазмұндағы суреттер жолдап, 13 жасар қызды «ересектерге арналған әрекетті» бірге жасауға үгіттейді. Ер адам қызды Астанадағы тұрғын үй кешенінің ауласына кездесуге шақырады. Ер адамның құлшынысы күшті болғаны соншалық, ол Көкшетаудан арнайы келді. Кездесу орнынада жігітті қыз емес, Жаңа адамдардың шымыр жігіттері қарсы алды.
Кішкентай қыздарға қызығушылық танытқан ер адамның толық аты-жөні – Мантай Біржаү. Ол 1998 жылы туған. Ол кездесуге келген сәтте-ақ, барлық хабарламаларымен бірге құқық қорғау органдарына тапсырылды.
«Біржан Мантаев сияқтылардың есімі бүкіл елге белгілі болуы керек. Біз мұны лайк, хайп немесе көзбояушылық үшін көрсетіп жатқан жоқпыз. Егер олар үшін заң мен мораль маңызды емес болса, онда әшкере болу қорқынышы – оларды балаларға алымсақтық жасауын қоюға мәжбүр етсін. Құрметті ата-аналар! Сақ болыңыздар және балаңыздан байқаған «алаңдатарлық белгілерді» назардан тыс қалдырмаңыздар. Желіде кіммен сөйлесіп жүргеніне мән беріңіздер. Егер балаларға қатысты алымсақтық әрекеттерін білсеңіздер, бұл фактілерді жасырып қалмаңыздар, дереу полицияға хабар беріңіздер», деді Эльнара Баубекова.
Жаңа адамдар әшкерелеген әлеуетті азғындардың саны мәселенің ауқымын көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар





