"Көрегендігі ғой": Бауыржан Ибрагимовтің сәлем салған келінге ақша беруі жұртты сүйсіндірді
Танымал әзілкеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагимов әнші Кенжебек Жанәбіловтың әйеліне сәлем салғаны үшін ақша берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Кенжебектің өнердегі ағасын құшақ жая қарсы алып жатып, «келініңіз ғой» деп жұбайын таныстырған сәтті көруге болады. Осы кезде өнерпаздың әйелі қазақы әдеппен иіліп сәлем салады. Бұған дән риза болған сатирик әмиянынан 5 мың теңгені суырып:
«Айналайын-ай! Ырымы ғой», - деп келінінің қолына ұстатқан.
Бауыржан Ибрагимовтың бұл әрекетіне желі қолданушылары қолдау білдірді.
«Салтты ұстанып, сәлем салғанға бергені дұрыс қой», «Бауыржан ағаның көрегендігі, әзілі керемет қой», - деп жазды олар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
16:08
«Ред флаг» тек еркектерге ғана тән емес: ҚМДБ т...
29.10.2026
15:43
Кондиционерсіз ұшақта 45 минут тұншыққан жолауш...
29.10.2026
15:35
Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қ...
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді